Четверг, 09 Апрель 2015 08:44

Наурызға орай

 

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу, сонымен қатар рухани құндылықтарды арттыру мақсатында 21 наурызда Бөрлі АІІб-е іс-шара ұйымдастырылды.

 

Алдымен Бөрлі АІІб басшылығы жеке құрамды мейраммен құттықтап, сөз сөйледі.

Бөлімнің акт залы қазақ халқының байырғы тұрмысын бейнелейтін және салт-дәстүрдің көрінісін сипаттайтын ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар мен ұлттық аспаптармен әшекейленді.

Сонымен қатар мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру мақсатныда ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. Ақ дастарханның басында қызметкерлер бір-біріне тілектерін білдірді. Домбырамен күй тартылды.

Бөрлі АІІб жеке құрамы мейрам күндері қоғамдық қауіпсіздікті сақау және халықтың мейрамды жақсы қарсы алуын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды.

Другие материалы в этой категории: « От бронзы до золота Еще один спортивный успех »
 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru