Четверг, 31 Март 2016 06:42

«Асыл Ана»

Жақсылықтың нышанындай, жанын сүйген адамның жып-жылы құшағындай, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні. Жылына бір рет келетін мерекеде сый-құрмет көрсету - біздер үшін қуаныш, әрі парыз! Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына қүндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бір сөзінде: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», - деген екен.

Осы мерекеге орай Бестау ауылының мәдениет ошағында «Асыл Ана» атты мерекелік шара өтті. Шараны мәдениет ошағының меңгерушісі З.И. Сельбаева: «Мама, білем, алаңдайсың мен үшін. Ұйқы көрмей өтетінсің түн ішін. Сәл мұңайып қалсаң егер, жабығам. Мама, мен де алаңдаймын сен үшін. Бұл өмірде сенен артық таппаймын. Ақылыңды жүрегіме сақтаймын. Мама, саған қарыздармын мәңгілік. Қайтсемде мен ақ сүтіңді ақтаймын», - деген сөздермен жалпы барлық абзал жандарға адамзаттын дәнін сепкен әйелдер қауымына «Рахмет» айтып алғысымызды білдіреміз деді.

Осы айтулы мерекеге зейнеткер ұстаз Бижанова Б.Х., медбике Дусенбаева Б.А., асыл әжелер Кубеева К., Нурмашева С., Нурмашева Б., Утепбергенова З., т.б. қонақтар қатысты. Келген ардақты әжелерге, аяулы аналарға, қаракөз сұлу сіңлілерімізге дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді. Ана туралы әндер айтылып, би биленді, жүрек жарды тілектер айтылды.

«Айналайын адамдар, бәріңніңде анаң бар. Қайғыға салмай жүрегін Анаға дұрыс қараңдар.

Бастарың аман, бауырларың бүтін болсын», - деген батамен мерекелі кеш аяқталды.

Б. ДУСЕНБАЕВА.

 

Қай жерде, мейлі, қай елде,

Әлемнің мәні - әйелде.

Мықтымын десең ойыңды,

Әйелге барып дәлелде.
Әйелге мәлім көп сырың,

Сүрінсең - әйел деп сүрін.

Халыққа сыйлы болмайсың,

Әйелге болсаң жексұрын.
Әйелмен құның өлшенер,

Құдайдан кейін сол - шебер.

Бақытты сен де болмайсың,

Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,

Шөліңді содан басасың.

Адамның күні - Әйелмен,

Әйелдер мәңгі жасасын!

Жүрсін Ерман.

Другие материалы в этой категории: « Нужна помощь ШТРАФной интерес »
 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru