Понедельник, 11 Июль 2016 05:05

Бөрлі ауылдық округында полиция бөлімшесі ашылды

23-маусым Қазақстан полиция күні қарсаңында Бөрлі ауылдық округында полиция бөлімшесі ашылды. Салтанатты ашылу шарасына БҚО ІІД басшылығы, ауданның ІІБ қызметкерлері, аудан әкімі және сала ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

Қоғам тыныштығын күзетіп, тәртіп пен тәрбиеге үйретіп жүрген ІІБ қызметкерлерінің жұмысы өте ауыр және жауапты. Бөлімшенің ашылуына арнайы келген аудан әкімі Алдияр ХАЛЕЛОВ сөз алып, барша қызметкерлерді құттықтап, бөлімшенің ашылуына орай автокөлік кілтін табыс етті.

Содан кейін БҚО ІІД бастығының орынбасары да полиция полковнигі Талғат РАХМЕТОВ жаңа бөлімшенің ашылуымен құттықтап, жаңа көліктің кілтін табыс етті. Бөлімшенің ашылуына арнайы келген сала ардагерлері әріптестеріне табыс тілеп, алдағы күнде жоғары деңгейде жұмыс атқаратындықтарына сенім білдірді.

Бөлімшенің ашу құрметі аудан әкімі Алдияр Халелов пен БҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Рахметовке табысталды.

Осыдан кейін келген қонақтар бөлімшенің ішіне кіріп, танысып, жаңа ғимаратты көздерімен көруге мүмкіндік алды. Сала мамандарымен аудан басшысы өзара ой бөлісіп, алдағы күндерде қоян-қолтық жұмыс жасап, қылмыстың алдын алуда бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.

Ал осындай бөлімшелерді ашылуға қолдау білдіріп отырған БҚО ІІД басшылығы Бөрлі ауылында бөлімшенің ашылуына бірден-бір себеп халық санының көптігіне әрі тоғыз жолдың торабы болғандығынан деді.

Қылмыстың алдын алып, елдің тыныштығын күзетуде еңбек етіп жатқан жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері осындай мекеменің ашылуына мұрындық болған БҚО ІІД басшылығына, аудан басшылығына алғыстарын білдірді.

Жаңа құраммен өз жұмысын бастайтын бөлімше қызметкерлерінің жұмысы жанданып, ел тыныштығын күзетуде атқарып жатырған істері нәтижелі болсын!

Өтепберген ҚАРАСАЕВ.

Другие материалы в этой категории: « Дань памяти В ЦЕНТРЕ СОБЫТИЙ »
 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru