Четверг, 11 Август 2016 09:00

«Жайық-Орал» экспедициясы 20-сапарын жүзеге асырды

Батыс Қазақстан облысынан ағып өтетін Жайык өзені жылдан жылға тартылып, экологиялық мәселелердің ушығуына әкеліп соқтырды. Осыған байланысты 20 жыл қатарынан Жайық өзені бойымен «Жайық-Орал» тарихи-мәдени, экологиялық экспедициясы жұмыс жасап келеді. Экпедицияның басты мақсаты Жайық өзені турасындағы экологиялық түйткіл мәселелерді шешумен қатар өзен бойында орналасқан елді мекендер мен мәдени мұраларды болашақ ұрпаққа сақтап қалу болып отыр. 

 

Экспедиция қатысушылары биыл 21-шілдеде бірінші рет Башқортостан мемлекетінің териториясынан бастау алған болатын. Ал біздің Батыс Қазақстан облысының делегациясы экспедиция қатысушыларына Орынбор облысында барып қосылды. Кейін қатысушылардың басын қосу мақсатында Ресей Федерациясының Елек селосында жастар форумы өткізілді. Форумға бөрліліктер де қатысты. Қатысушы топты аудан әкімі Алдияр ХАЛЕЛОВ бастады. Сонымен қоса құр қол бармаған Бөрлі ауданының өкілдері Елек селосының әкімдігіне теледидарды сыйға тартты.

Кейін «Жайық-Орал» экспедициясының қатысушылары өз сапарын әрі қарай жалғастsрды. Шілденің 21-жұлдызында қатысушыларды Бөрлі ауданы мен Ресей мемлекетінің шекарасы аймағында аудан әкімі міндетін атқарушы Жанабай КАНАЛИН қарсы алып, оларға сәтті сапарын тіледі.

Делегация құрамында журналистер, спортшылар, жазушылар, зерттеушілер және өлкетанушы, :айық өңірінің жазушысы Валериан Правдухиннің немересі Юрий Правдухин да қатысты.

Қатысушылардың айтуынша, әрі қарай «Жайық-Орал» тарихи-мәдени, экологиялық экспедициясы 31-шілде күні Каспий теңізінің аймағында мәреге жетеді. Экспедиция барысында Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының кейбір елді мекендеріне ат басын тіреп, әртүрлі мәдени шараларға да қатысады деп күтілуде. Ал экспедицияның толық қорытындысы қазан айының төрті күні Ресей мен Қазақстан мемлекеттері басшыларының келісімге қол қоюымен аяқталады.

Жадра КУЖАХМЕТОВА.

 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru