Четверг, 01 Сентябрь 2016 04:47

Достықты ту еткен мега-жоба

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жоба аудандар арасындағы байланысты артырып, халықтар достығын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастауымен қолға алынған болатын. Осы жоба аясында Бөрлі ауданының делегациясы Сырым ауданына барды. Аудан әкімі Алдияр ХАЛЕЛОВ бастаған топты Сырым ауданының әкімі Абат ШЫНЫБЕКОВ, әкім орынбасарлары, ауданның атқа мінер азаматтары мен өнерпаздарs қарсылfп алды.

 

Бөрлі ауданының делегация құрамында қоғамдық келісім, ардагерлер кеңесінің төрағалары, бөлім басшылары және де ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары болды. Осы шараға арнайы БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса ҚАПАҚОВТА келді. Алғашқы қош келдіңіз лебізін жолдап, достық керуеннің маңызына тоқталған Сырым ауданының әкімі Бөрлі мен Сырым аудандарын жалғайтын істер көп екендігін жеткізді.

Бұдан кейін басқосқандар Сырым елінен шыққан батырлар мен ақындарға гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғаларға тағзым етті. Барша ел жырларын сүйіп оқитын, өмірін өлеңмен өрнектеген Қадыр ақынға, Алашорда үкіметінің негізін қалауға себепкер болған ұлы жандарға мінәжат етті.

Содан соң ерекше қамқорлыққа алынған жандармен жұмыс атқаратын «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігіне барып балалардың тыныс-тіршілігімен танысты. Осындағы жайтты сөз еткен қоғамдық бірлестіктің төрайымы Гүлбақша ЕРҒАЛИЕВА өздеріне қолдау білдірген демеушілерге, аудан басшыларына, ата-аналар қауымына зор алғысын білдірді.

Дөңгелек үстелде бас қосқандар елдің гүлдену жолындағы атқарылатын жұмыстарымен, аудандар арасындағы іскерлік байланысты арттыру жолдарын сөз етті. Жиынды Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек САРҚҰЛОВ ашып қонақтармен таныстырды. Бөрлі ауднының әкімі мега-жоба аудандар арасындағы байланысты арттырып, жұмыла жүк көтеруге, жұмыс атқаруға тамаша мүмкіндік деді. Бұрыннан көрші жатқан аудандар бір-бірімен араласып, құраласып жүргенін де айта кетті.

Шара соңы аудан өнерпаздары әуелеген әндерін, мың бұралған билерін, ғибратты термелерін тарту етіп, көрермендердің ықыласына бөленіп отырды. Концерттік бағдарлама соңында қос ауданның басшылары бір-біріне сый-сияпаттарын ұсынып, жақсы тілегін жолдады. Осы мега-жобаның негізі болып табылатын меморандумға қос ауданның әкімдері Алдияр Сансызбайұлы мен Абат Абайұлы қол қойып, достықтың алтын көпірін жалғады. Осындай әсерлі кешке толы өткен мега жоба жарқын сәттерге толы болды. Ендеше, достығымыз жарасып, толағай табыстарға бірге жетейік!

Өтепберген ҚАРАСАЕВ.

 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru