Пятница, 09 Сентябрь 2016 10:29

Жас мамандарға тұрғын үй берілді

Жас мамандарды қолдау, ауылдық жерде мамандарды ұстап қалу мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жалғасын табуда. Аталмыш бағдарламадан бөлек, жан-жақтан келген жастарға қолдау, демеу беру мақсатында жатақханаларда бой көтеруде. Осындай жатақхананың бірі Приурал ауылдық округінде ашылды.

 

Тұрғын үйдің ашылуына аудан әкімі Алдияр Халелов, ауылдық округтің тұрғындары және жас мамандар қатысты. Ауыл әкімі Талғат Раимқұловтың айтуынша, жас мамандармен жұмыстануда баспана мәселесі қиындық соқтырған. Тұрғылықты жер болмағасын жас мамандар ауылда көп тұрақтамайды екен. Осы жатақхананың ашылуы баспана мәселесін түбегейлі шешіп, ауылдық жерге жастарды көбірек тартуға мүмкіндік туғызбақ.

Жатақханаға учаскелік полиция инспекторы Есенғали Уразгалиев, әкім аппаратының жетекші маманы Шолпан Раскулова, Приурал мектеп-балабақша кешенінің әдіскері Сандуғаш Жумаева және де ұстаздық жолды енді бастағалы жатқан жас мамандар Альбина Кажгалиева, Айнұр Джубаньязовалар қоныс теппек. Айта кетейік, жаңа баспана Конституция күні қарсаңында әрі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында беріліп отыр.

Отепберген ҚАРАСАЕВ.

 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru