Пятница, 09 Сентябрь 2016 10:34

«Ақ орамал» – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы

Елбасымызың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV-ші халықаралық саммитте жариялаған «Əлем. XXI-ші ғасыр» манифесін баянды ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама көтерген еді.

 

Осынау игі шараны ілгерілету және биылғы «Невада - Семей» халықаралық қозғалысының 25 жылдығын атап өту мақсатында біздің ауданда да «Ақ орамал» республикалық акциясы өз жалғасын тауып, аталмыш акцияға біздің Анарал кеңесінің мүшелері де өз үндерін қосты.

Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы терең. Ақ түс - тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан дүниесінің пәктігін білдірсе, ананың ақ сүті деген ұғым адамзат өмірінің бастауы, өмір символы деген ұғым екені белгілі.

«Ақ орамал» республикалық акциясы барысында аудандық ішкі саясат бөлімі мен аналар кеңесінің, аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бірнеше шаралар өткізілуде. Кеше ғана қаламыздағы перзентхана қабырғасындағы жас босанған аналарға болашақтың бейбітшілік белгісіндей ақ орамал салынса, бүгінде ауданымыздағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бөрлілік жауынгерлер, ардагерлер ескерткішіне және «Наурыз» саябағындағы Чернобыль АЭС-сы апаты мен Ауған соғысында қаза тапқан жерлестеріміздің рухына арналған ескерткіштеріне ақ орамалды аналарымыздың қолымен бейбітшілік белгісіндей болған ақ орамал ілу рәсімдері жасалып, гүлшоқтары қойылды.

Сонымен, перзентханадағы жас босанған аналарға ақ орамалдар сыйлау дәстүрімен басталған бұл акция рәсімі Алапат соғыстар пен суық қарудың құрбандары болған жауынгерлеріміз бен боздақтарымыздың ескерткіштеріне ақ орамал ілу, гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасып, әрі қарай, жас келіндер мен үлгілі көпбалалы аналардың басын қосып, аналық ақ бата мен кеңесі берілер дөңгелек үстел өткізу және көпбалалы, ардақты аналардың қолымен жас жұбайлардың некесін тіркеу кезінде жас келіндерге ақ орамалдар сыйлаумен аяқталды.

Рая АҚДАУЛЕТОВА.

 

Copyright © 2014 Карачаганак ТВ.
Дизайн и внедрение Анна Котельникова
Сопровождение Азамат Бабагужиев

Рейтинг@Mail.ru